ТҮРКІ ТІЛДЕС ХАЛЫҚТАРДЫҢ КІРМЕ СӨЗДЕРДІ, ТЕРМИНДЕРДІ ИГЕРУДІҢ ТӘЖІРИБЕЛЕРІ

Мақалада латын әліпбиін пайдаланатын түркі тілдес халықтардың кірме сөздерді, терминдерді игерудің тәжірибелері мен проблемалары қарастырылады. Қазақ, түрік, әзірбайжан, өзбек тілдеріндегі кейбір сөздердің орфографиялық жақтан игерілуі сөз болады. Ғылым мен техниканың қарқындап дамуына байланысты, тілдік байланыстардың нәтижесінде қазіргі түркі тілдерінде шеттілдік сөздер мен кірме терминдер өте мол. Бұл тілдегі күнделікті қолданыс тілін немесе салааралық терминдерді қолдануды жиілетіп, коммуникацияда шеттілдік сөздерді көбірек қолдану қажеттілігін туғызады. Осылайша күнделікті және тұрақты қолданыс тіліндегі шеттілдік сөздердің тұрақталып, ұдайы пайдаланылуына жол ашады. Бұл қазақ тілінің (өзге түркі тілдерін де) қолданыстық аясын тарылтуы әбден мүмкін. Осы мәселені шешу үшін шеттілдік сөздердің орнына қазақ тілінің өзінен балама сөз табу керек. Егер тіпті табылмай жатса, өзге түркі тілдерінен алу керек. Дәл бүгінгі жағдайда түрік тілінде бұл үдеріс жолға қойылған десе де болады. ХХ ғасыр басындағы А.Байтұрсынұлының «өз тілінен табылмаса, өзге тілдерден алу керек» деген идеясы бүгін де өте өзекті.

___

  • 1. БЕГИМОВА Г.А. (2012). Түрік Терминологиясының Зерттелуі. КазГУ Хабаршысы, №3 (60), ж., б. 69-73
  • 2. АҒАКАЙ М. АЛИ (1943). Келиме япы йоллары. Стамбұл: Түрік Тілі Қоғамы.
  • 3. БАШКАН Ө. (1973).Теримлерде өзлешме соруну. Анкара: Түрік Тілі Қоғамы.
  • 4. ВЭДЖИХЕ Х. (1965). Ататүрк вэ терим деврими. – Анкара: Түрік Тілі Қоғамы.
  • 5. ГАСАНЛИ Ш. (2009). Заимствованные слова в турецком литературном языке. // Вопросы терминологии. –Баку: «Эльм», с. 14-22.
  • 6. МАМЕДОВА Н.Я. (2009). “Обогащение словарного состава турецкого литературного языка английскими заимствованиями” Ученые записки Таврического национального университета им. В.И. Вернадского. Серия «Филология. Социальные коммуникации». Том 22 (61). № 3. 2009 г. –С. 137-142.
  • 7. БАЙНИЯЗОВ А.-БАЙНИЯЗОВА Ж. (2007).Түрікше-Қазақша Сөздік. Алматы. Қ. А. Ясауи атындағы Халыкдралық қазақ-түрік университеті Шымкент институтының ғылыми кеңесі (хаттама N11,31.05.2006) ұсынған.) (https://w2mem.com/lang/az, 19.01.2020).
  • 8. ПАШАЕВА Г.Б. (2014). “Функциональные особенности терминов (на материале азербайджанского языка)”, Издательство «Грамота. 12 (42). (www.gramota.net › materials, 21.02.2020).
  • 9. ШИРИНОВА Е. (?). Заимствование как способ обогащения банковско-финансовой терминологии узбекского языка // (gisap.eu›ru › node, 22.02.2020).
  • 10. АХМЕТОВ ӘДІЛ (2017). “Латын графикасы мен ағылшын тілінің әлем өркениетіндегі орны” ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАН, 26 Қыркүйек 2017, Нұр-Сұлтан, https://egemen.kz/article/158811-latyn-grafikasy-men-aghylshyn-tilininh-alem-orkenietindegi-orny (egemen.kz› article › , 25.02.2020).
  • 11. ҚҰЛМАНОВ С. (2018). Шеттілдік терминдердің түркі тілдерінде қолданылу ерекшеліктері (қазақ, түрік, әзербайжан және өзбек тілдерінің материалдары негізінде) // «Терминжасам қағидаттары және ұлттық терминология мәселелері» атты Республикалық ғылыми-теориялық конференция материалдары. –Астана, 47-53-бб.