Қаһармандық Эпостағы Ат Бейнесінің Басты Сипаттары

Эпостың өзге жанрларымен салыстырып қарағанда қаһармандық эпостан аттың ең бір кемелденген, аса үлкен көркемдік дәрежеге жеткен бейнесін көреміз. Бұлай болатын себебі - архаикалық эпоста қиял-ғажайып элементтердің, мифтік мотивтердің тым басым болуы, әлі де жетіліспеген балаң сана толық көлемді ат бейнесін жасауға кедергі болса, лиро-эпостың басты тақырыбы жаугершілік, батырлық емес, ғашықтық хикаялары болуы ондағы жан-жақты бейнеленген ат образының қалыптасуына кедергі болған. Ал, тарихи жырлардың, әдетте, көлемінің эпосқа қарағанда кішірек болуы ондағы тұлпар образының аумақты, әр қилы тұрғыдан бейнеленуіне мүмкіндік бермеген. Сондықтан да қазақ эпосындағы барынша жан-жақты, терең, әр қилы сипатта бейнеленген ат образы негізінен қаһармандық эпоста қалыптасқан деуге болады. Бұған тұлпардың, әдетте, батырлықпен ерлікпен, дұшпанмен шайқастармен қатар бейнеленетіні де әсер еткен. Осы орайда мақалада қаһармандық эпостағы ат бейнесінің басты сипаттары туралы сөз болады.

___

  • 1. БАЙТҰРСЫНОВ, А. (1989) Шығармалары. Өлеңдер, аудармалар, зерттеулер. –Алматы: Жазушы, 320. 2. ЫБЫРАЕВ, Ш (1993) Эпос әлемі. Қазақ батырлық жырларының поэтикасы. -Алматы: Ғылым, 296 б. 3. Батырлар жыры. 4- том. –Алматы: Жазушы, 1989. -400 бет. 4. ДОСМҰХАМЕДҰЛЫ Х (1991) Аламан. – Алматы: Ана тілі, 176 бет.