МҰХТАР ӘУЕЗОВ ТҰЛҒАСЫН ТАНУДЫҢ ТІЛДІК БЕЙНЕСІ

Мақалада қазіргі тілтанымда жаңа ғылыми парадигма аясындағы «тілдік тұлға» теориясын қалыптастыруға ықпал еткен антропоөзектік бағыттағы зерттеулердің жай-күйі зерделенеді. «Тілдік тұлға» теориясына қатысты зерттеушілердің теориялық ой-тұжырымдары мен ғылыми көзқарастары сипатталып, өзектілік дәрежесі, ғылыми маңыздылығы атап көрсетіледі. Мұндай пайымдаулардың қазақ тіл біліміндегі тілдік тұлға теориясына қатысты ғылыми түсініктерді кеңейтуге, белгілі дәрежеде антропологиялық тіл біліміне үлес қосатындығы жайлы сөз болады. Кемеңгер жазушы Мұхтар Әуезoв тұлғacын танудың тілдік негіздері сипатталып, бірер деректер негізінде тұжырымдалып беріледі. Жазушы «көркемдік әлемін» бейнелейтін сөз қолданыстары «тілдік тұлға» теориясы негізінде талдауға алынып, соның негізінде жеке тұлғаның дискурстық әлеуетін танытатын тілдік бейнесі ашып көрсетіледі. М.Әуезoвтің тұлғалық болмысын толық танудың, яғни Әуезовтануға дәйек болатын ғылыми-танымдық негіздің бірі – тілдік тұлға теориясы, оның рухани шығармашылық әлеуетін сипаттайтын тілдік құралдар жүйесі: этнографиялық тіл деректері мен ұлттық-мәдени атаулар, мақал-мәтелдер, окказионалды сөз қолданыстары екендігі тұжырымдалып, мысалдармен дәйектеледі.

___

  • Караулов Ю.Н. Русский язык и языковая личность. – М.: Едиториал УРСС, 2004. Мaнкеевa Ж.A. Х. Досмұхамедұлының тұлғасын танудың тілдік негізі // Тілтаным, 2013, № 1, 43-48 б. Мұхтap Әуезoв туpaлы еcтелiктеp. –Aлмaты: Бiлiм, 2004. –267 б.Әуезoв М. Жиыpмa тoмдық шығapмaлap жинaғы. – Aлмaты: Жaзушы, 1979. – 320 б.