ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ САРЫНДАР ҚОЛДАНЫСЫ

          Мақаладa қазіргі қазақ прозасындағы сарындардың қолданысы жайлы қарастырылады. Көркем  туындыдағы  этно-фольклорлық үрдіс, сарын түрінде ғана көрініп, ол кейіпкер тұлғасын, жан әлемін жайып салудың әдісі ретінде авторлық баяндау мен шешімде көбірек көрініс табады. Ол уақыт этно-фольклорлық дүниетаныммен  мазмұндас. Екі түрлі таным  мен  адам  типінің арасындағы қарым-қатынас қайшылығына зерделей үңілу, талантты  қаламгерлерге тән  қасиет. Сарын — ән  жанрының  речитативті саласының бір түрі. Қазіргі  таңда  сарындарды  қазақ прозасынан көптеп  кездестіруге  болады. Таласбек  Әсемқұловтың «Талтүс»  романынан да кездестіруге  болады.  Шын суреткер -  бір  қалыптан  шыққандай өз тегі,  өз заманының  ортақ  ұлы  ғана емес, ол – қайталанбас дарынды  дара тұлғасымен, шеберлігімен, ерекше  қатынас – көзқарасымен  өзі  жасаған  сом  суретке өз  қолтаңбасын қалдыра алатын адам.

___

  • Әбдезұлы, Қ. (2003). Жазушы және заман шындығы. Алматы: Қазақ университеті, 2003.
  • Әбдезұлы, Қ. (2004). Тарих және тағдыр. Алматы: Қазығұрт.
  • Әбдезұлы, Қ. (2006). Тәкен Әлімқұлов және қазақ прозасы. Алматы: Арыс.
  • Әбдезұлы, Қ. (2007). Таным көкжиегі. Алматы: Қазақ университеті.
  • Әсемқұлов, Т. (2016). Талтүс. Алматы.
  • Жүнісбекова, К. Ә (2004). Абайділданов Поэзиясындағы Көркемдік Ізденістер. Филол. ғыл. канд. дис., Алматы.
  • Кекілбаев Ə. (1989). Таңдамалы шығ. 1 том. Алматы: Жазушы.