ТІЛАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАРДЫҢ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНІҢ ЛЕКСИКА- ГРАММАТИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫНА ЫҚПАЛЫ

Мақала түркі тілдерінің (оның ішінде қазақ тілінің) лексикалық және грамматикалық жүйесіндегі араб-парсы және славян кірме сөздерін, олардың бастапқы қолданылуы мен тілдегі даму жолдарын қарастырады.Тіларалық байланыстар лексика-грамматикалық бірліктердің қысқаруына, өзара орын ауыстыруына, еріксіз формальды айырмашылықтардың түсіріліп қалуына, флективті септеу жүйелері мен көмекші және басқа да процестердің ауыстырылуына алып келуі мүмкін.Мақсаты - лингвистикалық қарым-қатынастардың түркі тілдерінің лексика-грамматикалық құрылымына, оның деривативті жүйесіне ықпалын анықтау. Мысалы, қазақ тіліне  bi- (бей-) «беймаза», na-(на-) «наразы» префикстері мен постпозититі -i (-и) немесе -uj(-үи) парсы нисбетінің енгізілу себептерін анықтау.Көптеген зерттеушілер қазақ тілінде араб сөздерінің қолданылуын ислам дінінің таралуымен, Шығыс халықтарының діни мазмұндағы классикалық әдеби мұрасының ықпалымен байланыстырса, қазақтардың тұрмыстық лексикасында славян (орыс) сөздерінің белсенді қолданылуын Қазан төңкерісімен және Қазақстанның Ресейге қосылу нәтижесімен байланыстырады.Қазан төңкерісіне дейін славян-орыс сөздері қазақ тіліне халықтың ауызекі сөйлеу тілінің фонетикалық заңдылықтарына сәйкес бүтіндей өзгеріске ұшыраған, ал төңкерістен кейін енген барлық сөздер көп жағдайда тілдегі түпнұсқа тұлғасын сақтап қалған. Ал араб- парсы сөздерін қазақ тілінде игеру олардың фонетикалық, лексикалық және грамматикалық өзгерістеріне алып келеді. Олардың негізгілері: дыбыс немесе дыбыстардың түсіп қалуы, кейбір сөздердің бірнеше фонетикалық вариантта қолданылуы және т.б. Бір тілдің екінші тілге ықпалының алғашқы сатысы жекелеген лексемалар мен сөздердің ауысуымен шектелсе, уақыт өте келе процесс күрделене түскенін анықтауға болады, яғни тілге түрлі аффикстер, тіпті аффикстер жүйесі енетін дәрежеге жеткен. 

___

  • Бодуэн де Куртенэ. 1963, Т.I.. Избранные труды по общему языкознанию. Москва: Изд-во Академии наук СССР.Жұбанов Құдайберген. 2013. Қазақ тіл білімінің мәселелері. –Алматы: 2013.Исаев С. 1997. Қазақ тілі жайында ойлар. Алматы: Атамұра. Кенесбаев С.К. 1959. Развитие казахского литературного языка в Советское время. – В кн.: М.О. Ауэзов. Сборник статей к его шестидесятилетию. Алма-Ата.Маъруфов 3. 1956. Сўз состави. От васифат. Тошкент: Фан.Холмурадов А.Н. 1982.Заимствованные элементы словообразования в узбекском литературном языке // Советская тюркология.- № 2. - С. 13-18.