ЕСІМДІ БҰЙРЫҚТЫ СӨЙЛЕМДЕР

Öz Қандай да бір сөйлемнің мақсаты (мейлі ол етістікті немесе есімді сөйлем болсын)– айтушының түрлі мақсаттан туындаған хабарын жеткізу. Ол өз бойында шындық болмысжағдаяты туралы ақпарат, я болмаса бір нәрсе туралы сұрақ немесе сөйлесу барысынақатысушы екінші тұлғаны іске қосу мақсатын қамтуы мүмкін. Соның нәтижесінде сөйлем:хабарлы, сұраулы және бұйрықты сөйлемдер сияқты функционалды типтерге бөлінеді.Егер хабарлы сөйлемде сөйлеу актісіне қатысушы тұлғалардың тікелей байланысынқажет етпесе (яғни айтушының өзі хабарлап отырған ақпаратты нақты бір адресатқабағыттауы міндетті емес), сұраулы және бұйрықты сөйлемдерде жағдай басқаша. Мұнда,қалыпты жағдайда, сөйлемнің нақты адресатқа бағытталуы, сөйлеу актісіне қатысушыекінші тұлғаның (сұхбаттас адамның) белсенді реакциясын қажет етеді. Ол белгілі іскеқосу үшін екінші тұлғаға бағытталған сұраулы немесе бұйрықты сөйлемнің мағынасындаашық немесе жасырын (имплицитті) түрде көрініс береді. Бұл оларды (сұраулы, бұйрықтысөйлемдер) өз кезегінде хабарлы сөйлемнен ажырататын басты белгілердің бірі болыптабылады..

___

AMANZHOLOV S. Qazaq tili gylymi sintaksisinin qysqasha kursy. – Аlmaty, 1940. – 248 b.