ӨЗБЕКІСТАН ТУРИЗМІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫНЫҢ ТАЛДАНУЫ

Öz Нарықтық жағдайындағы туристік бизнестің дамуы рекреациялық ресурстарды, капиталды, технологияны және кадрларды талап етеді. Туризм Орта Азия аймағында ғана емес, сонымен қатар Европа мен Азия арасында дамиды деп күтілуде, бұл Дүниежүзілік туризмге жаңа ресурстардың пайда болғандығын көрсетеді. Өзбекстанға келген туристтерді көршілес Қазақстанның Түркістан қаласына тартуды іске асыру үшін, алдымен сол елдің туризм саласындағы жетістіктері мен туризм салаларының дамуын білудің маңызы үлкен. Осы себептенде бұл мақалада Өзбекстан Респуликасының туристік-рекреациондық ресурстарының дамуына талдау жасалады. Тақырыптың негізгі мақсаты мен міндеті: Өзбекстанның табиғи-рекреациялық ресурстарын, оларды пайдалануын, туризмнің ел экономикасындағы алатын орнын, теориялық даму негіздерін зерттеу болып табылады. Туристік рекреациялық ресурстарына байланысты туристік аудандастыру арқылы зерттеу үшін келесі міндеттерді қарастырдық: 1) Өзбекстанның рекреациондық ресурстарын, оның табиғи рекреациялық нысандарының мүмкіншіліктерін және оларды туризм саласын дамытуда пайдалану; 2) Өзбекстанның табиғи рекреациондық мүмкіндіктерін пайдаланып туризм дамуының негізгі тенденцияларын үйрену; 3) Өзбекстанның туризм дамытудағы келешек бағыттары. Зерттеу объектісі: Өзбекстанның туристік-рекреациондық ресурстары.

___

KIM A.G., (1997), Rekreasionnaya ocenka territorii i razvitie turistsko-rekreacionnogo hozyaistva Kazahstana. Almatı: Rauan