ЯСАУИ ХИКМЕТТЕРІ ЖӘНЕ КІТАБИ АҚЫН ҚИССАСЫ

Öz Қожа Ахмет Ясауидің сопылық ілімінің, өмірлік ұстанымының негізін танытатынхикметтері қазақ ақындары тарапынан ғасырлар бойы жырланып келді. Сопы ақынхикметтерінің мәні мен маңызы қазақ ақындары жырлаған дәуірлер тынысына өзек бопөрілді. Жыраулар поэзиясы өкілдері шығармаларында көрініс беретін мұсылман діні,мұсылманшылық туралы ойлары Ясауи ілімімен, Бақырған шығармаларымен, АлтынОрда дәуірінде өркендеген мұсылмандық өркениетімізбен сабақтасып жатады. Әсіресеотарлық дәуір аталатын ХІХ ғасыр ақындары шығармаларындағы зарлы әуен, зар замансарыны Ахмет Ясауидің дәуір, дәуір тынысына орай құбылған адам болмысы туралыөрілген ойларымен тығыз сабақтастықта жырланды десек артық болмайды. Зар заманныңұлы жыршылары деуге болатын Дулат, Шортанбай, Мұрат шығармалары, КердеріӘбубәкір толғаулары Ясауи толғаған заман жайымен үндесіп жатты.

___

АHMETBEK А., (1998), K.A.Yassaui, Almatı: Sanat.