«ЖАЗУ ТІЛІ» - ТАРИХҚА ДЕЙІНГІ АДАМЗАТ ТАРИХЫН ЗЕРТТЕУГЕ СЕРПІН

1975 жылы Алматы қаласында жарыққа шыққан ақын, ғалым және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің «Аз и Я» кітабы ресейлік және советтік тарих ғылымында ғасырлар бойы қалыптасқан стереотиптерге қарсы бағытталып, ресми кеңестік ғылым жетекшілері оны пантүркішілдігі үшін кінәлаған еді. Осы кітаптың жалғасы іспеттес автордың «Жазу тілі» («Язык письма») кітабы 1998-жылы Қазақстан егемендік алған жаңа тарихи және саяси жағдайларда жарыққа шықты. О.Сүлейменов бұл еңбегінде өзінің тарихқа деген соны концепциясын аяқтайды, әлемдік тарих пен тілтану ғылымында қалыптасқан «үндіеуропеистиканың» негізгі қағидаларына қарсы шығады. Мақалада О.Сүлейменовтің тілдің түп-төркінін ашуға бағытталған «ядролық лингвистикасы» мен үндіеуропеистиканың негізін құрайтын Фердинанд де Соссюрдің тілтанудағы тұжырымдамалары салыстырыла қарастырылады. Автордың тарихқа дейінгі адамзат қоғамын зерттеудің кейбір аспектілеріне қатысты пікірлері де фундаментальдық сипатта. Сондай-ақ, адамзаттың алғашқы тасқа қашалған жазуларындағы таңбалар әлемін түсіндіруі де сонылығымен көзге түседі. Айталық, О.Сүлейменовтің неандерталь адамдары мен Homo sapiens – саналы адамдарының алғашқы діни түсініктеріне қатысты пікірлері қазіргі зерттеушілердің назарын аударуға тиіс. Зерттеуші неандерталь адамдар Айға табынушылар еді, ал саналы адамдар Күнге табынушылар болғанын жеткізеді. Олардың арасындағы қантөгіс қақтығыстар жаңа заманғы діни соғыстардан кем болған жоқ дей отырып, неандерталь адамдарының тарихи сахнадан кетуінің себептерінің кейбір аспектілерін қарастыруы назар аударады. Орасан зор тарихқа дейінгі материалдарды ой елегінен өткізе отырып, автор алғашқы географиялық ашулардың тарихқа дейінгі бағыттарына қатысты ғылыми негізді болжам айтады. «Шығыс-Батыс» дихотомиясының өркениет дәуіріндегі даму сатысында емес, тарихқа дейінгі қоғамда пайда болғанын дәлелдейді.

"LANGUAGE OF WRITING" IS A BREAKTHROUGH IN STUDIES OF THE MANKING PREHISTORY

The book of the poet, scientist and public figure of Kazakhstan Olzhas Suleimenov, published in 1975 in Almaty, was aimed at centuries-old stereotypes in Russian and Soviet historical science, for which the Soviet science officials accused the author of “panturkism”. As a continuation of this book in 1998, O. Suleimenov publishes a new book "Language of Writing", in the new conditions of Kazakhstan's independence. O. Suleimenov completes his original concept on world history, substantiates a new concept this time aimed at the basic principles of "Indo-European studies" in linguistics, which now dominates linguistics and world history in this book. The article deals with the new “nuclear linguistics” by O.Suleymenov, which contributes to the word genetics, and analyzes the concept of Ferdinand de Saussure in linguistics, which is the foundation of Indo-European studies. The author's views on several aspects of prehistoric society research are fundamental. Thus, we can distinguish his interpretation of the world of the first symbols in the inscriptions on the stone. Special attention of modern researchers should be drawn to the views of O. Suleimenov on the religious beliefs of primitive people-Neanderthals and Homo sapiens (wise man), assertions that Neanderthals were worshippers of the Moon, and wise man was a worshipper of the Sun. The author claims that the bloody conflicts between them were no less violent than the religious wars of the modern period and draws attention to the probable reasons for the extinction of Neanderthals from the historical scene. Analyzing the vast collection of materials of the prehistoric period, the author puts forward a scientifically based hypothesis on the formation of the main directions of the first geographical discoveries in prehistoric times. It also proves that the appearance of the "East-West" dichotomy occurs not at the stage of development of the civilizational process, but during the period of prehistoric society.

___

  • Акимов В. (1999) Метаязыческая поэма О.Сулейменова «Язык-письма», Простор (3), 141-143.
  • Балқыбек Ə.(15.06.2009) Адам Ата қандай тілде сөйлеген, Дала мен қала.
  • Большакова А.Ю. (2010) От сущности к имени. Теория архетипа, Ульяновск (Ч.1.).
  • Гамкрелидзе Т.В., Иванов В.В.(1984) Индоевропейский язык и индоевропейцы: реконструкция и историко типологический анализ проязыка и протокультуры, Тбилиси.
  • Гумбольд. В.(1984) Избранные труды по языкознанию, Москва.
  • Джуанышпеков Н.О. (1996), Проблемы современного сравнительного литературоведения: автореферат, докт. фил. наук, Алматы.
  • Зульфикаров Т. (25.05.2006), Пирамида Олжаса в пустыне варварства (Размышления дилетанта у подножья новой книги О.Сулейменова «Язык письма»), Казахстанская правда.
  • Обсуждение книги О. Сулейменова (1976), Вопросы и истории, Москва (9), 147-154.
  • Сулейменов О. (1998), Язык письма, Алматы, «Рим» баспасы.
  • Сулейменов О.(28.11.2003), Мы идем к планетарному сознанию, Казахстанская правда.
  • Сулейменов О. (20.05.2004), Мой месяц май, Мегаполис.
  • Сүлейменов О.(15.01.2019), «Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласындағы инновациялық тұжырымдар» атты дөңгелек үстелінде сөйлеген сөзі, Астана.
  • Төлеуғалиев Б.(2002), Теңдесі жоқ ғылыми еңбек, Жұлдыз (7), 158-159.
  • Фрэзер Д. (1989), Фольклор в Ветхом завете, Москва.
  • Церен Э. (1976), Лунный бог, Москва, «Наука» баспасы.