ЖЕРГІЛІКТІ ТІЛ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ӘДЕБИ ТІЛДІ БАЙЫТУДАҒЫ МАҢЫЗЫ

Öz Диалектизм әдеби тілден тыс құбылыс, дегенмен оның әдеби тілді толықтыруға,байытуға үлесі мол. Ғылым мен техниканың дамуына байланысты көптеген жаңаұғымдарға атау табу қажеттігі туғанда, халық қазынасы ретінде пайдаланылатын сөздер –диалектизмдер.Мақалада диалектілік лексиканы терминқор қалыптастырудың тұрақты көздерініңбірі ретінде тану қажеттігітілігі тиек етіледі. Жергілікті тіл ерекшеліктерін зерттегенғалымдар, олардың пікірлері, диалектизмдердің жіктелуі сөз болады. Сонымен қатар,ауызекі сөйлеу тіліне де, әдеби тілге де, диалектілік аймақтық лексикаға да тән аралыққұбылыс – дублеттерге тоқталады. Дублеттер мен диалектизмдер, кейде синонимдер бір-бірімен араласып-құраласып, ұштасып жатуы, дублеттердің тілде құрамы мен мағынасыжағынан параллель қолданылатын сөздер екендігі туралы айтылады.Белгілі бір диалектілерге тән сөздерді жинап, сөздігін құрастырудың және олардыжете білудің тілдің тарихи даму жолдарын, оған тән заңдылықтарды айқындауда үлкенмәні бар. Ұлт тілінің ішіндегі жергілікті диалектілерге тән әртүрлі ерекшеліктердісалыстыруға және тілдің тарихи дамуын танып білуге көмектесетін бірден-бір көмекші, оләрине – диалектологиялық сөздіктер. Сондықтан мақалада диалектологиялық сөздіктерпайдаланыла отырып, біршама сөздерге тоқталып, олардың қолданылу ерекшеліктерімен анықтамасы берілді.

___

АЙҒАБЫЛҰЛЫ А., (2013), Қазақ тілінің лексикологиясы, А.: «Дәуір-кітап». Айтбайұлы Ө., С. Әбдрахманов, Кекілбай Ә., Қажыбек Е., Қайдар Ә., Қалиұлы Б., Құлкенов М., Сарыбаев Ш., Серғалиев М., Сыздық Р., Хұсайын К. (2007), Диалектологиялық сөздік, А.: «Арыс».