БАЛАЛЫҚ ШАҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ ТҰРҒЫДАН ҚОРҒАУДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТІҢ МАҢЫЗЫ

Ұсынылып отырған мақала жоғарғы оқу орындарында «әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы бойынша білім алып жатқан болашақ әлеуметтік педагогтардың әлеуметтік-құқықтық дайындығының жоғары деңгейін, құқықтық құндылықтардың қалыптастыруына баса назар аударады. Мақсаты болашақ әлеуметтік педагогті балалық шақты әлеуметтік-құқықтық тұрғыдан қорғауға дайындау мүмкіндіктері туралы жалпы педагогикалық, құқықтық көзқарасты кеңейту болып табылады. Жоғары оқу орындарында оқыту теориясы бойынша болашақ әлеуметтік педагогті балалық шақты әлеуметтік-құқықтық қорғауға дайындаудың педагогикалық шарттары туралы жүйелі түрде баяндалған. Авторлар болашақ әлеуметтік педагогті балалық шақты әлеуметтік-құқықтық қорғауға дайындау оның негізгі бағыттары мен қағидаттарының, субъектілері мен объектілерінің, баланы әлеуметтік-құқықтық қорғаудың нысандары мен әдістерінің жиынтығын біріктіретін әлеуметтік-құқықтық қорғау жүйесін құруға кәсіби және жеке дайындығын қамтамасыз етеді деп есептейді. Теориялық талдау негізінде «балалық шақ» әлеуметтік-құқықтық қорғаудың объектісі ретінде анықталды және «құқықтық мәдениет», «педагогикалық мәдениет» мәселелері қарастырылды. Баланы әлеуметтік-құқықтық қорғаудың мазмұны мен нысандары, баланың құқықтары мен қадір-қасиеттерін қорғаудың нормативтік-құқықтық базасы анықталды. Балалық шақты әлеуметтік-құқықтық тұрғыдан қорғау технологиясының мазмұнының тұжырымдамалық тәсілдерін түсінуді, аталған бағыт бойынша білім бағдарламаларына пәннің енуін, ауқымын кеңейту ұсынылды.

___

  • 1. Малколм Н. Шо. (2019) «Халықаралық құқық». 1-кітап. Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры 2. Devaney C., McGregor C., Shaw A. (2022). Understanding System Change in Child Protection and Welfare. – Routledge, 5. Мардахаев Л.В. (2002). Словарь по социальной педагогике. – М.: Изд.центр «Академия», 7. Галагузова М.А. Социальная педагогика: Курс лекций/под общей ред. М.А. Галагузовой. (2000) М.: Гуманит. изд. центр ВЛАДОС,