ҚАЗАҚ ЕСІМДЕРІНІҢ ЭТИМОЛОГИЯСЫ

Бұл мақалада қазақ антропонимдерін жүйелей қарастырамыз. Қазақ антропонимдері мейілінше бай әрі алуан түрлі, алайда тіліміздегі есімдердің басым көпшілігінің кірме сөздерден екендігін бүгінде тіптен ажырата алмай жатырмыз. Өзге тілден еніп, қазіргі қолданыста жүрген антропонимдердің тілімізге сіңісіп кеткені сонша, бұл күнде оларды өзге тілден енген есімдер деп айтудың өзі қиын. Әр халықтың жалпы тіл білімінде антропонимдердің құрамы мен құрылысы, лексика-синематикасы, этнолингвистикасы, этимологиясы тағы басқа да қырлары жан-жақты анықталған, антропонимдердің түсіндірме сөздіктері, этимологиялық сөздіктері, анықтамалық сөздіктері жасалған. Ал қазақ тіл білімінде бұл мәселелер әлі толық қарастырылып, бір жүйеге келтірілген жоқ.

___

  • 1. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі–Алматы «Сөздік-Словарь», 2005 жыл 2. Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы : Қзақастан Республикасы Білім мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл 509 б. 3. Жанұзақов Т. Есіміңіз кім? Алматы: Қазақстан,1989 4. Жанұзақов Т. Қазақ есімдерінің тарихы. Алматы: Қазақстан, 1997 5. Смағұлов А. Қазақ есімдері – Алматы: Қазақстан, 2006