«АДАМГЕРШІЛІК» КОНЦЕПТІСІНІҢ ШӘКӘРІМ МЕН МЕХМЕТ АКИФ ЭРСОЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ КӨРІНІСІ ЖӘНЕ ОНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

Шәкәрім мен Мехмет Эрсой  шығармаларындағы «адамгершілік» концептісін анықтай отырып, түркі халықтары поэзиясындағыкөркемдік дәстүрлер сабақтастығын айқындаумен қатар келешек ұрпаққа ұлы аталарымыздың қандай тәлім-тәрбие қалдырғанын көре аламыз. Шәкәрім Құдайбердіұлы ұрпағына арлы бол, ұлтшыл еңбекқор болып қамқорсызға мейірім таныт десе, Мехмет Акиф Эрсой да дәл осындай тәлім-тәрбие алатын шығармаларды жазып қалдырғанын бұл мақаладан көре аларсыз. Шәкәрім қажы Ұлы Абайдан алған даналық жолын артындағы ұрпағына көптеген ізденістеріменен қоса қалдырды. Жалпы адамзатын арлы болдыру үшін тырысқан Шәкәрімнің саясаты дәл бүгінгі біздің заманымызға керек болып отыр. Адамгершілігі жоғары адам тәрбиелеу оның бірінші мақсаты екендігін, әр шығармашылығынан байқауға болады. Шәкәрім шығармашылығындағы адамгершілік, таза адам идеясының түп негізі ежелгі түрк әдебиетінен бастау алады.

___

  • Сыдықов Е.Б. (2013). Шәкәрім: ғылыми танымдық басылым. – Алматы: ҚР БҒМ ҒК ФСДИ, – 444 б.